Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спорт саласында шешілмеген мәселе көп

c 13:59, 15/08 c 20

0:00 / 0:00

Биыл Орал қаласында ірі көлемді спорттық сауықтыру орталығының құрылысы аяқталады. Бұл туралы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жеңіс Нығметуллин мәлімдеді. Апараттық кеңесте спорт саласындағы кемшіліктер мен жетістіктер туралы мәселе көтерілді.Мемлекет басшысының спорттық инфрақұрылымды нығайту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында биыл Казталов және Тасқала аудандарында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері қолданысқа беріледі және барлық аудандар 100% ДШСК-мен қамтылады. Өңірдің барлық ауданында спорттық сауықтыру кешендері болғанымен жетістіктер көңіл көншітпейді. Жаттықтырушы мамандар өзге облыстарға кетіп жатыр. Сол себепті мемлекеттік спорт клубтарын құру қажет. Сонда ғана нәтижиеге жетеміз,- дейді БҚО мәслихатының төрағасы Мұрат Рахметұлы.Облыс спортын дамытудағы басымды бағыттардың бірі - мүмкіндігі шектеулі азаматтар спортын дамыту. Елімізде денсаулық жағдайы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық танытылып олардың спортпен шұғылдануын, толыққанды өмір сүруін қамтамасыз ететін шараларды белсенді қолға алу қажет. Соңғы 2 жылда Ақжайық, Жәнібек, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, және Шыңғырлау аудандарында спортпен айналысатын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны өзгеріссіз қалған. Бөкей ордасы және Бөрлі аудандарында спортпен айналысатын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны азайған. Бұл дегеніңіз мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығын жақсарту мен спортқа бет бұруға аудандық деңгейде жағдайдың жасалмағанын көрсетіп отыр. Аталымыш топтағы азаматтар үшін Оралда спорттық нысан құрылысы басталған.Бұдан бөлек аппарттық кеңесте облыс әкімі Нариман Төреғалиев сала жұмысын жандандыру бойынша басқарма басшысына нақты тапсырмалар берді. Оның ішінде бірнеше жылдан бері мемлекеттен степендия алып отырған қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалау, нәтиже көрсетпей отырған мамандарды іріктеу сынды мәселелер бар. Басқарма басшысы мәлім еткендей ауылдарды спорттық кешендермен қамтамасыз ету жұмыстары одан әрі жалғасын табады. Соның ішінде, Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында Бәйтерек ауданы Дариян ауылында, Теректі ауданы Ақжайық және Жаңаөмір ауылында спорттық кешен бой көтереді. Бұдан бөлек П.Атоян атындағы стадионға қайта құру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жолданыпты. Сондай-ақ Ақжайық шағын ауданына үстел теннис орталағын салу үшін жер телімі бекітілген. Көп ұзамай мердігер мекеме анықталатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.