Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СПОРТ АРДАГЕРЛЕРІН ҰЛЫҚТАҒАН КҮН

c 08:54, 27/08 c 30

0:00 / 0:00

Спорт күніне орай сала ардагерлерімен кездесу өтті. Шара барысында олар өз жетістіктерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Еліміздегі спорттың дамуына елеулі үлес қосқан ардақты ардагерлердің мінбердегілермен кезесуі туралы толығырақ келесі сюжетте.

Жыл сайын тамыз айының әр үшінші жексенбісінде елімізде спорт күні аталып өтіледі. Осыған байланысты сала ардагерлерінің қала әкімдігіндегі жыл сайынғы дәстүрлі кездесуінде өңіріміздегі спорттың келешегі мен оны дамытудың жоспарлары талқыланып, ақсақалдар тарапынан ұсыныстар да ортаға салынды.

Кездесуге қатысқандар батыс аймақтың ғана емес, мұқым қазақтың спортына еңбегі сіңіп, тер төккен азаматтар. Саралы сөздің, салмақты ойдың ортасында жастардың салауатты өмір салтына қызығушылықтары жыл санап артып келе жатырғаны, өскелең ұрпақтың дене саулығы назарда екені айтылды.

Тәжрибелі мамандардың тағылымға толы жиыны жалғасын таба берсін деген тілектеміз. Республика көлемінде тойланатын "Спор күніне" арналған мерекелік шарадан хабар таратқан Ақниет Ғаллам, Марсель, Мармен. Арнайы "тдк-42" арнасы үшін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.