0:00 / 0:00
Арнамызға Достық 247 мекен жайының тұрғындары хабарласып, өз мәселерін шешіп беруді өтінді. Спорт алаңқайы салынады деп аулаларын қазып кеткен бір компания әлі күнге ізім қайым жоқ екен. Ал тұрғындар болса үш айдан бері қазылған ордан секіріп өтуге мәжбүр болып жүр.
Тұрғындар арнамызға хабарласқаннан соң бұл жағдайды өз көзімізбен көрмекке ұмтылдық. Білгеніміздей аталмыш тұрғын үйдің ауласын белгілі бір компания спорттық алаңқай салынады деп қазып кеткен. Алайда үш ай өтсе де не алаңқай жоқ, не қазылған ор да бітелмеген. Ал жаңа алаңқай негізі мынандай болады деп жоспарланған.
Сонымен қатар аталмыш үй ауласына жер асты құбырлары жүргізіледі деп 2 метрге жуық орлар қазылып қойылған.
Бұл мәселенің шешуін білмекке жауапты мекемеге хабарласып мән-жайды сұрадық.
Тұрғындар айтқан компания "Марасант" ЖШС-гі болса, ақша бөлінсе жұмыстарын жалғастыратынын нақты айтты. Күрмеуі көп мәселенің шешімі осындай болды. Ал тұрғындар болса келер жылға дейін шыдап, әлі де ордан секіріп өтулеріне тура келіп тұр.