Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спайс атты есірткі біздің өлкемізде пайда болды

c 00:00, 21/04/2015 c 626

0:00 / 0:00

«Спаис» - ол синтетикалық өнім. Яғни арнайы химиялық зиянды затттардан құралған қоспа. Одан адамның миы құрғап, салдарынан көзге әр түрлі елестер келетін көрінеді. Өткен жылдары Ресей Федерациясында Спаис өнімі кең етек жайып, нәтижесінде 50-ден астам жас жеткіншектер өмірден озған болатын. БҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының басшысы Андрей Хлевиннің айтуынша әзірге бұл дерттен қауіптенудің еш қажеті жоқ. Ал қаладағы ілінген жарнамалардың барлығы алаяқтардың ісі көрінеді. Жастар арасында шөпттік микс атауымен тараған бұл есірткі адамның психологиясына да өте зиян. Өйткені көршілес елдегі мәлеметтерге сүйенетін болсақ, осынау затты тұтыну салдарынан көптеген суицидтік оқиғалар орын алыпты. Бір мәрте дәмін татқаннан тәуелділік тудыртатын, Спаис, ел жастарының болашағына балта шабады. Көбіне, бұл есірткі, Қытай мемлекетінен тасымалданатын көрінеді. Дегенмен, аса қауіпті дертке қоғам болып атсалысып, көзін жою қажет. Өйткені ел болашағы - жастардың қолында.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.