Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«СӨЗІҢІЗГЕ АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!»

c 09:17, 16/01 c 1

0:00 / 0:00

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша әлемнің 182 елінің ішінде 93 орында тұр. Кей өңірлерімізде еден жуушы қызметіне кіру үшін пара беруге мәжбүр болып жатқан фактілер де тіркеледі. Бұл орайда жоғары лауазымдар жайында айтпаса да белгілі. Мәжіліс қарап жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарыс күрес заңында бастамашы топ Еуропаның әдісін ұсынды. Енді тек пара беру барысында ұсталған факті бойынша ғана қылмыстық іс қозғап қоймай, пара ұсынып және оны беруге сөзбен уәде берген адамды да қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет деп отыр. Яғни сөзіңізге абай болмасаңыз жасалмаған іс үшін жауапты боласыз. Агенттік басшылығының айтуынша бұл мәселе 16 жылдан бері күн тәртібінде тұр.

Алайда депутат Жаңбыршин жемқорқыпен күресті соны ұсынып отырған құзырлы органның өзінен бастау керек деп ашуланды. Мәжілісмен еуропалық стандартты енгізбес бұрын, қазақстандықтардың слат –дсәтүрін, психологиясын зерттеу керек деп есептейді.

Сарқұлов болса салт-дәстүрді құрмететймін деп ақталды.

Сондай-ақ, заң жобасына сәйкес, жемқорлардың тізімі жарияланатын болады. Профилактикалық құрал қызметін атқаратын жемқорлардың мемлекеттік тізілімі енгізіледі. Бұл қара тізімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді және ведомствоның веб-сайтында жалпыға қолжетімді болады. жемқорлық мәселесіне арналған құжатты депутаттар екі сағатқа жуық талқылады. Мәжілісмендер, жер мәселесінен бастап, білім, денсаулық, квазисектор, мемлекеттік органдарда жемқорлық фактілері жетерлік деп жарыса сынап, айтып жатты.

Нәтижесінде тамыры тереңге кеткен сыбайлас жемқорлықты тоқтау үшін бұл заң керек деп шешті. Бірінші оқылымда мақұлданды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.