Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СОТТА КАДР ТАПШЫ

c 11:38, 07/10 c 32

0:00 / 0:00

Әділдік іздеп сотқа барған азаматтардың бәрі бірдей сот шешімімен келіспейді. Әділдік іздеп соттан-сотқа жүгініп жататындар аз емес. Себебі, төменгі жақтан әділ шешім таппаған шағымданушылар жоғары сотқа дейін жүгініп, ақырында Мәжіліске, Президент әкімшілігіне келіп жүгінеді. Бұған едйні сот жүйесін раформалауға қатысты арнайы заң қараған депуттатар да бұл проблеманың барын айтқан еді. Соттар жабық мекемеге айналған. Президенттің Жарлығымен отставкаға жіберілген судьяларды қайта жұмысқа алу үрдісі жүріп жатыр. Заңгерлердің өзі заңды белден басып отыр деп сынаған болатын депутаттар. Сотта қаралып жатқан істердің ішінде жер дауы, отбасындағы жанжал, мемлекеттік сатып алулар саласында шағымдар көп. Жалпы қылмыстық, әкімшілік істерге қарағанда, азаматтық істің саны басым. Президент сот жүйесін ерформалау жалғаса беретінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев қазылардың қызметінің сапасын көтеру, сот саласын цифрландыру ісін жалғастыру, онлайн соттар өткізу аясын кеңейту, сот қызметінің барынша ашық болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сот саласында кәсіби кадр тапшы.

Сондай-ақ Тоқаев сотты онлайн өткізу жақсы үрдіс деді. Өздеріңізге мәлім, жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа, сондай-ақ автобус жүргізушісін ұрған Дархан Ахметжановқа қатысты сот онлайн өткен болатын. Ал әйелін өлтірді деп сотталып кеткен экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты қоғам назарында болған еді. Бірнеше айға созылған онлайн сот процесін қазақстандықтар қалт жібермей қарап, қылмыстық істің орын алған әр сәтіне куә болған еді. Әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айыппен Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесі дербес әрі кәсіби судьялар корпусын қалыптастырудың кепілі болуы тиіс деді. Кеңес құрамынан 2021 жылы Әділет министрі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы шығарылса, енді Жоғары сот кеңесінің құрамын қайта қаралып, прокуратура өкілдері болмауы мүмкін.

Ескіше айтқанда билер съезінде Тоқаев судьялардың жаңа әдеп кодексін қабылдауды қолдады. Мемлекет басшысының айтуынша, судьялар адалдықтың, дербестік пен әділдіктің жарқын үлгісі болуы керек. Судьялардың барлық өрескел заң бұзу әрекеттерін сот жюриі тексереді. Бұл тәсіл қазақстандық судьялардың тәртіптік жауапкершілігін арттырады. Президент судьялар арасында сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін этика нормаларын бұзу фактілері бар екенін атап өтті. Кей жағдайда сот қауымдастығы оларға дер кезінде әрекет етпей жатады деп сынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.