0:00 / 0:00
Қуаныш Ахметовты өлтірген күдіктілердің туыстары сот үкімімен келіспейді. А.Әділов, А.Қафизов және Ә.Қонысқалитың туыстары тергеушілер мен сот төрешісіне жоғарыдан «бұйрық» берілді деген пікірде. Абзал Әділов 17, Аян Қафизов 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды. Әбутали Қонысқалиға уәкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Күдіктелердің туыстары сот үкімімен келіспейді. Мәселен, Аян Қафизовтың әкесі сот процесі басталғанда "Абайсызда адам өліміне әкеліп соғу фактісі болды" деп айтылғанын, ал кейін "Қасақана кісі өлтіру" фактісі бойынша іс қозғалғанын айтады. Сот талқысында анықталғанындай, 2019 жылғы желтоқсан айының 24-інен 25-іне қараған түні күзет агенттігінің қызметкерлері Әділов, Қафизов және Қонысқали жұмыста арақ ішкен. Сағат 03:30 шамасында олар шақырту бойынша уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына барып, сол жерде медициналық куәландырудан өткізуге жеткізілген жәбірленуші Қ.Ахметовті көрген. Кейін оны алып шығады. Қ.Ахметов қашып сол маңдағы жанар-жағармай құю бекетінен көмек сұрамақ болады. Алайда ешкім қол ұшын бермеген соң қақпадан секіріп өтіп, құтылып кетпек болады. Алайда оны үшеуі жерге тартып түсіріп, тепкілеген. Олардың бірі-Абзал Әділов. Естеріңізде болса, Абзал осыдан бірнеше жыл бұрын бір бүйрегін бейтаныс аруға беріп, өмірін құтқарып қалған болатын.Күдіктілердің қорғаушылары сот үкімімен келіспей, істі аппеляцияға беріпті. Қанды оқиға осыдан екі жыл бұрын 25-ші желтоқсанда болды. Ал сот шешімі 28-ші қазанда шықты. Алайда заңды күшіне әлі енген жоқ.