Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СОТ ШЕШІМІМЕН КЕЛІСПЕЙДІ

c 17:10, 29/07/2022 c 1793

0:00 / 0:00

«5 адамның өмірін қиған жүргізушіге тек 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын бергендігімен келіспейміз». Дәл осындай наразылықпен қала тұрғындары арнамызға хабарласты. Оқиға ағымдағы жылдың 1 қаңтарында орын алып, кінәлі деп танылған жүргізушіге соттың үкімімен бес жылға жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеу шешімі шығарылған.

Жан түршігерлік оқиға осы жылдың алғашқы күні сағат 18:10 шамасында Самара-Шымкент тас жолының 313-ші шақырымында болған. «Toyota Land Cruiser» автокөлігін тізгіндеген жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп, алдында келе жатырған көлікті байқап, рульге ие бола алмай жүк көлігі тіркемесімен соқтығысқан. Содан кейін ол ВАЗ 2112 көлігімен бетпе-бет түйіскен. Жол апаты 5 адамның өмірін қиды. Олардың қатырында аяғы ауыр келіншек бар. Болған оқиғаны екінші көлікте келе жатып өз көзімен көрген Индира Меңдіғалиева әп-сәтте күйеуінен, апа-жездесінен және бауырларынан қалай айырылып қалғандығын көзіне жас ала отырып, есіне түсірді. Теректі аудандық соты төрт айға жуық уақытқа созылған тергеуден соң болған іске айыпты жүргізушіге қатысты 5 жыл бас бостандығынан айыру және моральдық шығын ретінде әр отбасыға 3 млн тенге төлеу туралы шешім шығарған. Алайда 9 баласы жетім қалған бірнеше отбасы бұл шешіммен келіспейді. Олар қылмыскерге кемі 10 жыл берулерін сұрап, аппеляциялық шағым түсірген. Алайда еш нәтиже болмай, үкім өзгеріссіз қалдырылған. Сондай-ақ кінәлі тарап жақтан ешқандай көмек болмағандарын де тілге тиек етті. Жәбірленуші тарап бұнымен тоқтап қалмаймыз дейді. Енді олар Жоғарғы сотқа шағымданбақ ниетте.

Автор:
Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.