0:00 / 0:00
Бүгін осындай тақырыпта прокуратура, сот және кәсіпкерлік саласы мамандарының қатысумен кеңейтілген дөңгелек үстел оздырылды. Кездесуде сот жүйесіндегі жағдайдың бизнестің дамуына және инвестиция тартуға кепіл болары айтылып, оны жетілдіру тұстары кеңінен көтерілді. Себебі аймақтың экономикасын дамытуда кәсіпкерлік саласында туындаған дау-дамайды жедел де, әділ шешіп, заңды түрде іс-қимыл жасаудың шетелдік қаржыны тарту үшін де маңызды. 2014-жылы аймақта негізгі капиталдағы жалпы инвестицияның көлемі 263,9 млдр. теңгені құрап, 34,1 пайызға өскені байқалды. Оның құрамында ішкі инвестиция 40,5 пайызға артып, 140 млрд теңгеге жеткен. Ал шетелдік инвестиция 53,9 пайыз. 2015-жылдық 4 айында БҚО-ның мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында ұлттық және шетелдік инвесторлардың қатысымен 7 азаматтық іс қаралыпты. Аймақта инвесторлар тізіміне 8 компания ілігіп отыр. Олар "Вест мұнай газ", "Жайық мұнай", "конденсат", "Батыс марка ламб", "қарашығынақ", "Батыс паэр", "Квант", "орал трансформатор" зауыты. Кәсіпкерлер мен инвесторларды қорғаудың жеңіл де, сапалы, қысқа мерізмде атқарылуы инвестиция тарту мүмкіндіктерін молайтады. Инвесторлар қай елге инвестиция салмасын, алдымен өз кұқықтары бұзылған жағдайда қорғай алатын заң жүйесінің болуына, азаматтар бостандығына назар аударатыны белгілі. Стратегиялық даму жолында бизнес саласындағы даулы мәселені ушықтырмай шешу арқылы олардың шаруасының шатқаяқтауының, экономикалық құлдыраудың алдын алуға болады.