Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сот әділдігі

c 19:47, 23/10/2020 c 502

0:00 / 0:00

Қазақстандық сот әділдігін қалыпстастыру үшін, судьялар ойлау жүйесін өзгертіп отыруы қажет.  Қазақстан судьяларының VIII съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сот жүйесін реформалау саласында айтарлықтай ілгерілеу болуы үшін ең алдымен судьялардың кәсібилігіне, әділ сот пен сот ісін басқарудың сапасына негізделген түбегейлі жаңа тәсілдерге бет бұруымыз керек»-деді. Суьялардың басьы міндеті- адам құқықтарының мүлтіксіз сақталуын басты назарда ұстауы керек екенін айтты. Сондай-ақ, пандемия барысында жол берілген кемшіліктерді де айтып өтті.

Би көп болса, дау көп деген. Соттан әділдік іздегендердің көбі шешімнің әділетсіздігін айтып шағымданып жатады. Қазақстандық судьялар тәуелсізбін деп қанша ұрандатқанымен, адам құқығы сақталған шешім қабылдау үрдісі өте сирек кездеседі. Халықаралық сарапшылар қазақ судьялары тәуелді  баға беріп отыр. Соттар тәуелсіздігі рейтингінде 71 орында тұрмыз. Президенттің өзі сот тәуелділігінен арылуымыз керек деді.

Ал пандемия барысында елде күніне мыңдаған онлайн процесс өтіп жатыр. Жоғарғы сот төрағасының айтуынша,  сот процестердің 95 пайызы қашықтан өтуде.  Егер төтенше жағдайға дейін күніне 150 онлайн-процесс өтсе, қазір 4,5 мыңға жетті. Бұл 30 есе көп.

Сондай-ақ,  Қасым-Жомарт Тоқаев сот шешіміне дейін судьяларға қысым жасау орын алуда деді.

Сот шешімі болмай жатып,БАҚ-да судьяның шешіміне болжау жасаған ақпарат тарап жатады. Президент бұған  құқық қорғаушылар да кінәлі дейді. Себебі сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бір тұлғаның ұсталғаны туралы алдын ала хабарлап, оның қылмыскер ретінде көрсетіп қояды. Ал соттың шешімі әлі шықпаған.

Судьялар сотқа дейінгі тергеу кезінде барлық ақпаратты тек прокурорлар ғана беруі тиіс дейді.Не керек сот жүйесін тағы да реформалау керек. Тоқаев судьяның репутациясы мінсіз болуы шарт. Ал кандидаттарды іріктеу процесі ашық әрі жариялы түрде өтуі керек. Дамыған мемлекеттердің көбісі судьяларға өте жоғары талап қояды, тіпті бұрын болған азғантай теріс қылығы үшін осы қызметке алмай қояды. Бұл тәжірибені Қазақстанда қолға алу қажет деді. Сот мамандығына оқып жатқан түлектердің 10 пайызы ғана судья жолын таңдайды. Жоғарғы сот жанындағы сот төрелігі академиясын бітірген 60 түлектің 7-уі ғана судья болуға ниет білдірген. Ал олардың дайындығына бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.