Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сорғы стансасы іске қосылды

c 17:56, 03/09 c 56

Оралдағы №3-ші су сорғы стансасы пайдалануға берілді. Өткен жылдың мамыр айынан бастап, Оралдағы қос кәріз сорғы стансасы жаңғыртылуда. «Батыс су арнасы» ЖШС мамандары құрылыс жұмыстары екі жылға жуық уақытты алғанын және жоспар бойынша аяқталғанын айтады.Орал қаласында коммуналдық гидронысандар мен электр желісіне түсер салмақ артып отыр. Өйткені жылдан жылға облыс орталығының аумағы кеңейіп, халық саны көбейіп келеді. 150 мың абонентті қамтитын жаңа станса сағатына 1500 текше метр шайынды суды өңдеп, өткізеді екен. Мұндағы жұмыс түгел автоматтандырылған: құбырға түскен тұрмыстық қалдықты аппарат өзі турап, жағымсыз иісті сүзіп алады. Жаңадан ашылған №3-кәріз сорғы стансасы 1967-жылдан бері жөнделмепті. Ескірген қондырғылар жиі істен шығып, су беру тоқтатылатын. Үш өзеннің ортасында отырып тіршілік нәрінен тарыққан оралдықтар енді бұл қиындықты да ұмытатын болды. Жөндеу жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталған. Тапсырыс беруші мекеме - Орал қаласының әкімдігі. Нысанның ашылу салтанатына қатысқан аймақ басшысы Нариман Төреғалиев облыста үш кәріз су сорғы стансасының құрылысы аяқталатынын және 2035 -шы жылға дейін шаһардағы коммуналдық мекемелер толықтай жағыртылатынын мәлімдеді. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Құрылғылар автоматты түрде жұмыс жасайды. Ағып келіп жатқан судың қысымы туралы мәліметтерді монитор арқылы бақылауға болады және қазмет көрсетудегі кедергілер уақытында анықталады. Барлығы отыздан аса техника осы жұмыстарға тартылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.