0:00 / 0:00
Елордадағы провизорлық ауруханадан коронавирус індетімен ауырған соңғы науқас жазылып шықты. Бұл Нұр-Сұлтанның орталығындағы ардагерлер госпиталі. Індет ушыққан сәтте, бұл госпиталь коронавирустан емдеу орталығы ретінде жұмыс істеп бастағанды. Дәрігерлер мен медбикелер күн-түн демей жұмыс істеді. 50 күн тынымсыз жұмыс істеген аурухана бүгін соңғы науқасты емдеп, үйіне шығарып салды. Бұл осы аурухана дәрігерлерінің зор еңбегі. Аталмыш ауруханада емделген науқастардың бәрі дін аман. Дәрігерлер арасында індет жұқтырғандар тіркелген жоқ. Енді аурухана бұрынғы жұмысына оралып, ардагерлерді емдейтін болады.
Осындай көтеріңкі көңіл күймен аурухананың медицина қызметкерлері коронавирустан емделіп шыққан соңғы науқасты қошеметпен шығарып салды. 68 жастағы Кенжетай Көжеков жұмыс барысында қауіпті індетті жұқтырған көрінеді. Ол таксист болып жұмыс істеген. Өкінішке орай табыс табамын деп жүріп, ауырып қалады. Тыныс алуы нашардап аурухана түскен. Жабыл облысында 10 күн ем алған науқасты жағдайы нашарлаған соң елордаға жіберген. Астанаға поездбен келген ол осы ауруханаға түседі. Дәрігерлердің арқасында аман қалдым дейді. Енді таксист кәсібін одан әрі жалғастырмақ
Аурухана басшылығ болса, соңғы науқасын шығарып салып, бұрынғы жұмысымызға ораламыз деп отыр. Яғни елордадағы госпитаь ардагердерді емдеу жұмысына көшпек. Індет жайлап, науқастар саны тым артып кеткен кезде қаладағы көптеген аурухана коронавирустан емдейтін стационар қызметіне көшкен болатын. Қазір елде жағдай тұрқтала бастады. Аталмыш аурухана жеті апта ішінде 700 аса науқасты қабылдап, қауіпті індеттен емдеп шығарған.
Аурухана басшылығының айтуынша, медицина қызметкерлерінің арасында індет жұқтырғандар тіркелген жоқ. Ал науқастармен жақын байналыста болғандарға ел перзиденті бекіткен өтемақылар берілді. Алайда, бұл аурухана дәрігерлері екінші санаттығаларға берілетін 400 мың теңгені алған. Өздеріңізге мәлім, денсаулық сақтау министрлігі алдағы күзде аты жаман аурудың жаңа толқыны болуы мүмкін деп болжап отыр. Ол күздегі тұмаудың өршуімен байланыстырылады. Егер індет тағы ушықса, уақытша провизорлық стационар қызметі қайта жандануы да мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, өткен тәулікте елде қауіпті індетті жұқтырған 691 науқас тіркелді.