0:00 / 0:00
Ақхалаттылар жыл сайын БҚО бойынша 1400-ге жуық адам қатерлі ісік ауруына ұшырайтынын айтады. Соңғы 10 жылда өкпе ісігі көш бастап тұр. Мұнымен қоса, бір ғана сүт безі обырына шалдыққан қыз-келіншектердің саны 2 есеге өскен. Олардың ауруларын асқындырып алуының негізгі себебі - уақытылы тегін скриниг шарасын ескермеу болып отыр. Бүгінгі күні диспансер қабырғасында хирургиялық ота жасау, сәулелі терапия, химиялық және оңалту бөлімдері жұмыс жасауда. Мәселен, химиялық бөлімде 2015 жылы компьютерлік томмаграфия құрылғысы іске қосылды. Бұл құрылғы әртүрлі жағдайға байланысты ем-дом шараларын алған жандарды қадағалап тұруға толықтай мүмкіндік бермеді. Тексеріс нәтижесі де - жылдам. Ал, өткен жылы терідегі дақтың залалсыздығын анықтайтын цифрлы дерматоскоп фотофаиндер құрылығысына қол жеткізді. Әлем бойынша қатерлі ісік аурунының нақты себебі жоқ. Қатерлі ісік диагнозы қойылса, көп ұзамай науқас өмірмен қоштасады деген сөз емес. Ауру ерте баста анықталса, соғұрлым оң нәтиже береді. Ең бастысы - әр адам өз денсаулығына салғырт қарамауы тиіс.