Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Солтүстіктің мәселесі

c 17:39, 08/12/2020 c 439

0:00 / 0:00

Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстіктен қоныс аудару үрдісі халық үшін тиімді болып жатыр ма? Ішкі көші-қон барысын жақсарту мақсатында жұмыс күші көп аймақтардан, халық саны аз аймақтарға қоныс аудару жүріп жатыр. Себебі, Солтүстік Қазақстан өңірінен халық жаппай көшіп кетіп жатыр. Соңғы үш жылда облыстан 10 мыңнан астам адам көшкен. Солтүстік аймақтың басты мәселесі жайында әкім Құмар Ақсақалов елордада өткен баспасөз маслихатында айтып берген еді.

Соңғы үш жылда  Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстіктен 5 мыңнан адам қоныс аударған болса, өңірден  10 мыңға жуық адам көшіп кеткен. Осы облыста 20 жылда 300  жуық мектеп жабылып, бастауыш және орта мектепте оқитындар 8 мыңға азайған. Мектеп ғимараттары аукционға қойылып сатылуда. Бұл мәселені Парламент депутаттары да көтеріп, үкіметтен қоныс аударушыларға үй беруді жеңілдетуді,  кедергісіз жер беру, жеке тұрғын үй салуға жеңілдетілген несие беру керектігін сұраған болатын. Себебі, жұмыс күші көп оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударғандар әкімдік берген баспананың сапасыздығын айтып шағымданғанды. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, солтүстікке қоныс аударғандарға берілетін бір реттік көтермеақыны екі есеге көбейтуді тапсырғанды.

Ал қоныс аударушыларға берілген үйлердің сапасына қатысты ақпаратты әкім мойныдап отыр. Ол кемшіліктерді жоюды баспананы салған құрылыс компанияларына жүктеп қойыпты.

Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысы қауіпті індет ең көп тараған өңірлер тізіміне кіріп, қазір қызыл аймақта тұр. Дегенмен, бүгінгі статистика көрсеткендей жалпы елде ковид жұқтырғандар саны азайып, 600 аса адамды құрап отыр. Соның ішінде Солтүстік Қазақстанда да көрсеткіш төмендеген. Өңірде індетке шалдыққандардың 94 пайызы дерттен сауығып шыққан. Әкім желтоқсан айының ортасына қарай демалыс және мереке күндеріндегі локдаун алынып тасталатынын айтты. Облыста бір айдан бері қатаң шектеу шаралары қолданылып келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.