0:00 / 0:00
Нұр-Сұлтандықтар күткен газ келесі жылдың күзінен бастап келеді. Ал елорданы толық газдандыру шаруасы 2025 жылы аяқталады. Ал Жылу беру орталығы зияны көп көмірді жаға береді. Бұл жайында бүгін үкімет үйінде өткен баспасөз маслихатында айтылды. Солтүстікке бағыт алған «Сарыарқа» газ құбыры Қызылордадан елордаға тартылды. Газ магистралы Жезқазған, Қарағанды және Теміртау арқылы өткізілді. Алайда, келіп тұрған газды қосу үшін, елорданың газ тарату жүйесі дайны болмай тұр. Ал үйге жеткен газ құны қымбат болуы мүмкін.
Жыр болған газ тарту мәселесі бойынша мәлімет берген шенеуніктер елордалықтар күткен газ құны қанша болатыны жайында ашып ештеңе айтпады. Әзірге баға құны талқылануда деген сылтау жауаппен құтылды. Бір жақсы жаңалығы, газды есептейтін құрылғылар тегін беріледі. Себебі, замануи есептегіш құрылғылардың көрсеткішін қашықтықта көруге болады. Оны тексеру үшін үйге келіп жүрудің қажеті жоқ. Газ құбыры жекеменшік үйлердің ауласына дейін жеткізіледі. Одан әрі газды үйге тарту үшін тұрғындар өз қалтасынан шығындалады. Қыс айларында пештің мұржаларынан тараған көк түтінге тұншыққан нұр-сұлтандықтар газдың келуін асыға күтуде. Көгілдір отынның құны қанша болады деген сұраққа келсек. Соңғы рет бас энергетик Қанат Бозымбаев, газдың кубометрі 50 теңгені құрайды дегенді. Яғни, арман болған газ құны қымбатқа түспек. Алайда, шенеуніктер зиянды көмір жаққанша, газ тұтынған жөн деп кеңес береді.
Айта кету керек, Нұр-Сұлтанға газ тартылып, жекеменшік тұрғын үйлер газбен қамтылғанымен, елорда көмірден толық бас тартпайды. Жылу беру орталығы қоршаған ортаға зиянын тиізіп отырған көмірді жаға беретін болады. Себебі, бұл электр энергиясы үшін қажет. Газ қымбат болса, арзан көмірімізді жаға береміз деп отырғандар да бар.
Солтүстікке бағыт алған «Сарыарқа» газ құбыры Қызылордадан елордаға тартылды. Газ магистралы Жезқазған, Қарағанды және Теміртау арқылы өткізілді. Алайда, келіп тұрған газды қосу үшін, елорданың газ тарату жүйесі дайын болмай тұр.Газ келесі жылдың күзінде келеді дейді шенеуніктер. Ал қаланы толық газдандыру шаруасы 2025 жылы аяқталады. Одан әрі солтүстік өңірлерге газ тарту жоспары тұр.
Жалпы үш аймаққа газ тарту жобасының құны 1 трлн теңгені құрап отыр