0:00 / 0:00
Орал қаласында бүгін қызметкерлердің талап-арызы тыңдалған 3-ші сот отырысы өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандардың жан айқайын естімеген қазақ соқырлар қоғамының филиалын жауапсыз мердігер деп танып, басшысынан 4,5 млн теңге өндіру керек. Соттан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осындай жаза қолдануды сұраған. Аталмыш сома көзі нашар көретін жандардың жеке көмекшілеріне жалақы ретінде бөлінген екен.
Айыпталушы ретінде Қазақ соқырлар қоғамының корпортивті қор төрағасы Мұрат Қадырбеков жауапқа алынды. Процесc ауданаралық экономикалық сотта өтуде. Бірақ ол өз орнына заңгер жауап береді деп шешіпті. Қоғамдастық мүшелері Қадырбековты қызметінен шеттетуді сұрайды.
Төраға қол астындағыларды қорқытып-үркітіп ұстапты. Бір әрекет жасаса, лауазымын асыра пайдаланып, қоқан-лоқы көрсеткен. Мәселен, еден жуушы болып жұмыс жасаған Айымгүл Жақсылықованы басшы негізсіз жұмыстан шығарып жіберген. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі филиалды жауапсыз мердігер деп танып, басшысынан 4,6 млн. теңге өндіріп алуды талап етіп отыр.