Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СОҒЫС ЖӘНЕ ЕҢБЕК АРДАГЕРІ ИСЛЯМ ҒИЗЗАТОВҚА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

c 17:24, 03/03/2023 c 204

0:00 / 0:00

Соғыс және еңбек ардагері Еслям Ғиззатов Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүние келген. Жастайынан ерте қызметке араласқан Еслям Ғиззатұлы еңбек майданында шыңдалды. Самарқант қаласында өз күшімен білім алған. Өмірінің жалынды шағы соғыспен, Кавказды азат етумен тұспа-тұс келді. Соған қарамастан, парасат-пайымы мол тұлғаның бейнесін қалыптастырған жанның артында өнегелі ісі қалды. БҚО тарихи-өлкетану музейі көрме арқылы Еслям Ғиззатовтың өмір жолын өскелең ұрпаққа жеткізуді мақсат етіп отыр.

Қолдағы дерек бойынша Еслям Ғиззатов отты жылдардан кейін басшылық лауазымдарды тізгіндеген. Оның ішінде облыстық сауда басқармасын басқарды. Сондай-ақ депутат қызметін атқара жүріп, Оралдағы №22 орта мектептің құрылысын салуға ықпал еткен. Өкініштісі, жаңа білім ордасының ашылуына денсаулық жағдайына байланысты қатыса алмапты. Бүгінде ардагердің қыздары әке жолын жалғап, білім саласындағы жұмысты жалғастыруда. Мұражайда ұйымдастырылған танымдық шараны ардақты әкенің отбасы қуанышпен қабылдаған.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі жылдан жылға жаңа экспонаттармен толығып келеді. «Мұражай қорында туған өлкенің гүлденуіне қызмет атқарған Еслям Ғиззатов секілді тұлғаға қатысты жәдігерлердің болуы өскелең ұрпақ жадында аға буын есімі сақталуына септігін тигізеді»,-дейді музей қызметкерлері. Айта кету керек, соғыс және еңбек ардагері Еслям Ғиззатовты еске алуға арналған көрме алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Музей қабырғасында екі апта бойы қала тұрғындарының назарына ұсынылатын болады.

 

 

 

 

 

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.