0:00 / 0:00
Шаһарымыздың төрінде осындай атаумен сырнайшылардың кездесуі болып өтті. Мәдени-ағарту бірлестігімен ұйымдастырылған шараның ауқымы кең болды. Сырнай, баян, аккордеон сынды аспатардың үні көше бойындағы адамдарды бей-жай қалдырмады. Бұл не мереке деген қызығушылықпен алаңға бет бұрғандар еріксіз өнерпаздардың жанына байланды. Жеке-жеке, топтық түрде ойналған аспатардың ырғағында ән айтылып, қариялардың өздері жастық шақтарын еске алды. 20-ға тарта сырнайшылардың арасында кәсіби өнерпаздармен қатар, әуесқойлар да болды. Бірақ олардың мақсаты бір-ұмыт болып бара жатқан әндерді аспаптың көмегімен жаңғырту. Сырнайшылардың ең ересегі 80-нен асқан қариялар болса, жастары мектеп оқушылары. Бірнеше сағатқа созылған бас қосу көптің есінде ұзақ уақыт сақталардай әсер қалдыра білді.