Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шынықсаң, шымыр боласың!

c 18:29, 22/02/2021 c 474

0:00 / 0:00

Демалыс күні ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай Орал қаласында көпшілік шаңғы тебу шарасы өтті. Спорттық жиын жастың да, кәрінің де басын қосып, салауатты өмір салтын сақтаушыларға айрықша әсер сыйлады.

"Шынықсаң, шымыр боласың" демекші оралдық шаңғы спортын жанына серік қылған жандар арнайы додада бақ сынады. Спорт сүйер қауым үш шақырым қашықтықты бағындырды.

Спорттық шара бірнеше жылдан бері спорттың осы түрімен айналысып, деннің саулығын нығайтып жүрген ересек жандармен қоса кішкентай балалардың да басын қосты. Доданың ең кішкентай қатысушысы-4 жасар Алевтина болды.

Қысқы маусымда бұл екінші мәрте ұйымдастырылған шара. Наурыз айында шаңғы тебуден тағы да жарыс өтеді деп күтілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.