0:00 / 0:00
Биылғы жылы Шынғырлау ауданына қарасты үш ауылға таза су барады. Құрылыс жұмыстар үшін республикандық бюджеттен қыруар қаржы бөлініпті. Өңіріміз үшін өзекті болып табылатын таза ауыз су мәселесінің қалай шешіліп жатқанын облыс басшысы өзі тексеріп шықты.
Шынғырлау ауданына қарасты Ашысай ауылының тұрғындары таза суға көп жылдан бері қолдары жетпей келді. Алайда, бұл мәселе алдағы уақытта өз шешімін таппақ. Аталмыш ауылда Су құбырының құрылысы жүріп жатыр. Ол биылғы жылдың сәуір айында басталыпты. Құрылыс 1 жылға жоспарланған. Бұл- жоба343 млн теңгені құрайды.
Сондай-ақ, су құбырларын тарту жұмыстары Аменгелді ауылында да іске асып жатыр.су құбырларының құрылысы аяқталған тұста, Ашықтоғай мен Жаңакүш ауылдарының тұрғындары таза суды тұтынбақ. Аудан көлемінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалау үшін келген облыс әкімі ауданның бүгінгі әлеуетімен де танысты. Жақын уақытта аудан көлемінде медициналық амбулотория да бой түземек. Сондай-ақ, өңір басшысы жақында құс өсіру ісін қолға алған құс фабрикасының жұмысымен де танысты. Аталмыш кәсіпті қолға алған бизнес субьектісі үйрек, тауық пен қаздарды өсірумен айналысады.
Аудан көлемінде үй кезегінде тұрған азаматтар үшін деп салынған жер үйлердің құрылысы аяқталды. Ертеректе, баспанасы жоқ аудан тұрғындары қазіргі таңда жаңа қоныстарында өмір сүріп жатыр. Ауданда атқарылып жатқан игі істер көп. Мәселен, 2013 жылы өткен ғасырдың 80 жылдарында салынған саябақ күрделі жөндеуден өткен. Бүгінгі таңда, жаңарған тынымбақ аудан тұрғындарының сүйікті мекеніне айналып үлгеріпті.
Шынғырлау ауданының көркеюі мен туындаған мәселелерін шешу үшін республикалық және облыстық бюджеттен қыруар қаржы бөлініп жатыр. Ауыл тұрғындары үшін ең өзекті деп танылған ауыз мәселесі де су құбырларын тарту арқылы өз шешімін таппақ. Сондай-ақ, аудан көлемінде өз ісін ашып, ел экономикасының дамуы үшін еңбектеніп жатқан жандар да аз емес. Шынғырлаулықтар, өз кезегінде ауданды көркейту үшін бел жазбай еңбектеніп, ауданның гүлденуіне өз үлестерін қосады деп үміттенейік.