Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШОЛОХОВ КӨШЕСІН ЖӨНДЕУДІҢ ІІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ

c 22:59, 22/08/2023 c 82

0:00 / 0:00

Облыс орталығындағы Шолохов көшесінің жолын күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Өздеріңізге мәлім, жұмыстың бірінші кезеңі өткен аптада аяқталған болатын. Бірақ әлі де қолданысқа тапсырылған жоқ. Сала мамандары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқан брифингте жол құрылысының алдағы жоспарымен бөлісті. Ал жөндеу жасалған С.Датов пен С.Тюленин көшелерінің жолындағы қозғалысты шектеудің бірқатар себебі бар.

ОЛЖАС ИБРАЙЫМОВ

БҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жол құрылысының екінші кезеңінде С.Тюленин мен Құрманғалиев көшелерін жөндеу жоспарланған. Бұл жұмыстарға байланысты Шолохов пен С.Тюленин көшелері жөндеуге жабылады. Миханов көшесінде айналма жол ұйымдастырылады. Сондай-ақ Құрманғалиев көшесінен Циолковский көшесі аралығы біржақты қозғалыс бағытына айналады.

ЖАНДОС ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сонымен қатар Миханов көшесімен шектесетін Гастелло, С.Тюленин, У.Громова, Орақбаев көшелеріндегі қозғалыс та шектеледі. Бұл тосқауыл көлік кептелісін, жол апаттарын болдырмау мақсатында қойылмақ. Айта кетсек, Шолохов көшесін күрделі жөндеу жұмыстары 2 жылға жоспарланған. Бұл жұмыстарға «КПО б.в» компаниясы 4,6 млрд теңге қарастырып отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.