0:00 / 0:00
Кешегі өткен сенбіде Орал қаласында православ дінің ұстанушылар шоқыну мерекесін атап өтті.Осы күні христиан сенімі бойынша су қасиетті болады, оған шомылған адамдар жыл бойына ауырмайды.Осы сенімге сенетіндер сенбі күні суға шомылып, мерекені атап өтті. Осы күні христиан дініндегілер суға ерекше қасиет бітеді деп сенеді.Шіркеу қызметткерлері арнайы діни жоралғыларын жасап болғаннан кейін адамдар сол судан су алып, өздері де шоқынып, суға түседі.
Күннің салқынына қарамастан бұл күні суға түсушілер саны көп болды.Азаматтар ертемен келіп суға шомылып жатты.
Бұл күні суға шомылушылардың қауіпсіздігі де қатаң бақыланды.Төтеншеліктер қаланың суға шомылу алаңдарында кезекшілік ұйымдастырып, күні -түні адамдар үшін қызмет атқарғаның атап өтейік.
Бұл мереке 19 қаңтар күні атап өтіледі.