0:00 / 0:00
Оралда қала іргесіндегі орман-тоғайлар мен саябақ аумақтарында шыбын-шіркейлерді улау жұмыстары басталды. Өзендердегі судың көтерілуі мен көктемгі жауын-шашын қансорғыш жәндіктердің көбеюіне сеп болады. Сондықтан жәндіктердің дернәсілдерін жою жұмыстың нәтижесін береді дейді мамандар.Биыл қансорғыштармен күресуге республика бюджетінен 88 млн. теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Бұл шара екі кезең бойынша жүргізілмек. Алдымен дернәсілдер уланады. Өйткені зиянкестер күш алып кетпеуі үшін олардың ұрығын жою қажет,- дейді мамандар. Аталмыш жұмыстар биыл 5 сәуірде басталыпты. Барлығы 13 дезинфектор маманмен бүгінге дейін 1800 гектар аумақта дәрі себілген. Үстіміздегі жылы өткен жылға қарағанда бөлінген қаржының көбейуіне байланысты улайтын аумақтар көбейген.
Қолданыстағы биологиялық препарат тек қана жәндіктерге ғана әсер етеді дейді қызметкерлер. Ауыл жақтарда жергілікті өзін-өзі басқару заңына сәйкес, жергілікті әкімдік масаға қарсы іс-шараларды өздері ұйымдастыруына болады. Әзірге бірінші кезеңі сәтті жүзеге асырылуда. Ал қызмет көрсетудің екінші кезеңі мамыр айының басында басталып, қыркүйекке дейін жалғаспақ.Маусым айынан бастап, шегірткелерді улау шаралары басталатын болады. Қажет болған жағдайда зиянкестермен күресу жұмыстары түнгі мезгілде де жалғасады. Ол үшін техникалар мен мамандар сақадай сай.