Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шетте жүріп шеттелгендер

c 17:00, 04/10/2019 c 759

0:00 / 0:00

Қазақстан билігі Қытайда қорлық көріп жатқан қандастарымызға араша түсе ала ма? Қытайдка есірткі контрабандасымен айыпталған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару мүмкін бе? Бұл мәселе бүгін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің «Nur Otan» партиясындағы қабылдауында көтерілді. Журналистерге берген сұхбатында бас дипломат Қытайдағы саяси үйрену лагерінде жатқан қазақтар босатылды, тек қылмыстық, әкімшілік іске қатысы барлар ғана отыр деді.

Қытайдағы  қазақтардың басына түскен бұл жағдай 2017 жылдан бері айтылып келеді. Баурылары, ата-анасы, отбасы сол жақта қалып, саяси лагерьге қамалған қандастарымыз талай баспасөз маслихатын да өткізді, биліктен көмек те сұрағанды. Отбасынан жырақта жүріп, елег орала ламай жүрген қандастырымыздың нақыт саны беймәлім. Кейбір ақпарат көздерінің мәліметінше Қытайдағы лагерьде отырған қазақтар саны 3 мыңға жетіп жығылады. Дегенмен, сыртқы істер министрлігі нақыт ақпарат бере алмады. Министрдің сөзіне сенсек, жақындағы ел президентінің сол елге сапарынан соң, біраз қандасымыз босатылған.

Ал Қытайда есірткі контрабандасымен айыпталып, өмірбақиға бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін де назарда ұстап отырмыз дейді бас дипломат.

Мұхтар Тілеуберді –ҚР сыртқы істер министрі; «Президент Қытайға барғанда, істі барынша әділ қарау туралы ең жоғарғы деңгейде өтініш білдірді. Дегенмен, өздеріңіз білесіздер, сот процесі әлі жүріп жатыр, сондықтан күтеміз. Сот процесінен кейін бәлкім, оны экстрадациялау кезеңіне өтетін шығармыз»

21 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. Оның сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылып, Ақжарқын бұл туралы білмейтінін мәлімдеген еді. Осы іс бойынша Қытай соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.