0:00 / 0:00
Батыс Қазақстанға инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалатын болады. Бұл туралы өңір басшысы Алтай Көлгінов аймақтық кеңес жиынында мәлімдеді. Отырысқа арнайы келген италияндық инвестор Марко Ориоло облыс орталығында бой түзейтін қонақ үй мен тұрғын үйлер құрылысы жөнінде өз жоспарларымен бөлісті.