0:00 / 0:00
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі заңсыз алынған активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесінде, триллион теңгеден асатын активтер Қазақстанға қайтарылғанын хабарлаған болатын. Ал депутат Ермұрат Бәпи 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектісі анықталды, оның ішінде 131 нысан шетелде, 448 млрд теңгенің құнды қағаздары бойынша мәліметтер алынды, 220 триллион теңгенің банк операциялары, оның ішінде 1,4 триллион теңгенің күдікті операциялары зерттелуде», - деген еді. Бұл капитал Лихтенштейн, Австрия, БАӘ және Гонконгтан қайтарылған. Тәуелсіздік алған жылдары бойы елден заңсыз шығарылған капиталдың жалпы сомасына қатысты мәлімет әрқилы. Оны қайтрау үшін арнайы активтерді қайтару омитеті құрылғаны мәлім. Бас прокуратураның соңғы мәліметтеріне сүйенсек, 260 млрд теңге көлемінде активтер қайтарылған.
Қайтқан малдың қайыры бар деп, елге қайтырлған заңсыз ақшалар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Өздеріңізге мәлім, президент Қ. Тоқаев халықаралық сарапшылардың зерттеуіне тоқталып, еліміздегі байлықтың тең жартысы 162 адамға тиесілі екенін айтқанды. Ал елден заңсыз шығарылған капиталдың көлемі жайында әртүрлі ақпарат бар. Депутаттар келтірген мәліметте 160 миллиард доллар оффшорда жатыр. Ал кей деректерде бұл сома 200 миллиард долларды құрайды.