0:00 / 0:00
Екінші сессия барысында мәжіліс депутаттары үкіметке 527 депутаттық сауал жолдады. Сауалдардың дені азаматтардың талап-тілектері мен мұң-мұқтажына, бизнестегі кдеергілер, шаруалардың шағымы, халықтың әл-ауқатына арналған. Алайда депутаттар жолдаған сауладырымзға келген жауапқа көңіл толмайды дейді. Шешілмеген мәселе көп. Депутат Зайытов өзі көтерген бірқатар мәселе әлі шешілмегенін айтты.
Премьер-министрдің орынбасары Ұлттық тестілеу орталығының басшысы арнайы тестілеумен өткенін айтып ақталды.
Ал депутат Қожаназаров батыс қазақстандық шаруалардың мәселесі шешілмей қалғанын айтып сынады.Жергілікті билік 600 шаруаны жайлыым жерінен айырып, дұрыс шешім қабылдамаған дейді ол.
Қымбатшылық қысып, халықтың табысы азайды. Ал үкімет азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін толық шешпей отырғанын айтты депутат Бейсенбаев.
Айта кету керек бұл Парламент мәжілісінің екінші сессиядағы соңғы жалпы отырысы. Сот жүйесі, адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы, масс-медиа туралы заңдар қабылданды.Сондай-ақ, халықтың шамадан тыс кредит алуы, әйелдер мен балалар қауіпсіздігі, лудомания мәселелері заңнамалық тұрғыдан реттелді дейді палата төрағасы.
Алдағы жұмада қос палатаның бірлескен отырыс болып, Парламенттің жұмысы қортындаланады. Одан әрі депутаттар аймақтарды аралап, сайлаушыларымен кездесіп, жайдары жаздың рахаты- еңбек демалысына шығады.