Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шешілмеген мәселе көп

c 16:43, 01/05/2020 c 455

0:00 / 0:00

Бұған дейін шешімі табылмай келе жатқан проблемаларға енді төтенше жағдай кезіндегі мәселелер  қосылды. Сенат төрағасы Дәриға Назарбаева елде шешімі табылмай жатқан мәселелерді және карантинен кейінгі тәртіпті сөзге тиек етті. Спикер өзінің арнайы жасаған мәлімдемесінде елде  Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қайта қарау керектігін айтты.  Сондай-ақ, елдегі криминогендік ахуалға қатысты, карантиннен кейін де әскерилердің күшейтілген күзет қызметін сақтап қалу керек деді.

Ертең емес, дәл қазір жаңаша, батыл әрі дұрысқадамдар жасау қажет. Сенат төрағасы елдегі төтенше жағдай бұған дейін шешілмей отырған мәселелерді айқын көрсетіп отыр деді. Спикер Түркістан облысында орын алған қырыққабат өніміне байланысты жағдайға тоқталып, әлемде көптеген елдерде аштықтың орын алу ықтималдығын айтып, даурығып жатқанда, біз жиналған өнімді рәсуа қылып отырмыз деп сынады.   Яғни дұрыс механизмнің жоқтығы. Жеке сақтау орындары мен қоймалар тапшылығы барын көрестіп отыр. Назарбаева Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қайта қарау керектігін айтты.  қанша қомақты қаржы бөлініп жатқанымен, нәтиже жоқ дейді спикер. Осы орайда облыстар астық өнімдері мен оны сатып алу бағасының болжамдарын тағы бір рет бағалауы қажет. Ал мемлекеттік қолдауға ие болатын 300 ден астап жүйе қалыптастырушы кәсіпорындар тізіміне көңілі толмаған сенатор, ең маңызды деген салалар ілінбей қалғанын айтты.

Дәриға Назарбаева – ҚР парламент сенатының  төрағасы; «Біз еліміздің жүйе қалыптастырушы кәсіпорындар тізімінің жобасын көрдік. Оның құрылу принциптеріне қатысты депутаттар өз пікірлерін ашық айтты. Бірақ мынадай сұрақ туындайды – осы тізімде медициналық маска немесе дезинфекция құралдарын шығаратын тым болмағанда бір кәсіпорын бар ма? Ал Президенттің тапсырмасы бойынша отандық тест-жүйелерін, иммунды биологиялық препараттарды өндіретін, короновирус инфекциясына қарсы вакцина шығаруға дайын кәсіпорындар қайда?»

Сондай-ақ, төтенше жағдай барысы көрсеткендей, елдегі  криминогендік ахуал да мәз емес. Бұл бұған едйін де шешімі таба қойған емес еді. Енді карантин барысы оны ушықтырып жіберді.  Спикер төтенше жағдайдан кейін қалаларда қылмысты азайту мақсатында әскерилердің жұмысын күшейту керек екенін айтты.

Дәриға Назарбаева – ҚР парламент сенатының  төрағасы; «Әскери бөлімшелер мен Ұлттық ұлан құрылымдарының кезекшілігін бірнеше айға қалдыру, тіпті күшейту қажет болуы мүмкін. Қала тұрғындары бұл шараға түсіністікпен қарап, қолдайды деп сенемін.Сонымен қатар ұрлық пен бұзақылық жасаған  қылмыскерлерге барынша қатаң жаза қолдана отырып, көрнекі соттар өткізу керек».

Өздеріңізге мәлім, карантин барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмысы да артып отыр.  Әсіресе, әйелдер мен балалар көп зардап шегуде. Кісі өліміне әкеп соққан жағымсыз деректер де тіркелуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.