Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шешілмеген мәселе

c 20:19, 17/09/2020 c 575

0:00 / 0:00

Сенаторлардың үкіметке сауалы көп. Бүгін өткен Парламент Сенатының жалпы отырысында шешімі табылмай жатқан мәселелер бойынша жолданған сауалдар легі көп болды. Су жаңа сенатор Ақылбек Күрішбаев  тұрмысы төмен қазақстандықтар үшін азық-түлік тауарлары қорын қалыптастыру қажет деген ұсынысын алға тартты. Депутаттың айтуынша, қазір бір отбасының табысы негізінен тек азық-түлік сатып алуға ғана кетеді. Халықтың өмір сүру сапасы төмендеп барады. Ал сенатор Дәурен Әділбеков шағын және орта бизнесті несиелендіруде екінші деңгейлі банктердің немқұрайлық танытып отырғанын  айтып, дабыл қақты.

Парламенттің жұмысы басталғалы үкіметке жолданған сауалдар легі де көбейді. Аймақтарды  аралап келген депутаттардың көрген-жиғаны да аз емес. Сенатор Ақылбек Күрішбаев пандемия және экономикалық дағдарыстың салдарынан қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі төмендеп жатқанына алаңдады. Бір отбасының табысы негізінен тек азық-түлік сатып алуға ғана жетеді. Аймақтарда құрылған тұрақтандыру қорлары, бюджеттен азық-түлік бағасын ұстап тұруға бөлінген 30 миллиард теңгеге жуық ақша мәселені толық шешпей отыр дейді депутат.  Ал тамақ бағасы шарықтап тұрған сауда орталықтарын таңдау принципі түсініксіз. Ол жеңілдетілген кредит неге кейбір таңдаулыларға ғана берілетіні сұрақ тудырады. Ал азық-түлік бағасы құбылып тұрады. Сондай-ақ, сенатор  тұрақтандыру қорларының тиімділігіне күмән келтірді. Себебі онда сыбайлас жемқорлық көріністері басым дейді ол.

Бұл орайда, тұрмысы төмен отбасыларын қолдаудың жолын ұсынды.

Ал сенат депутаты Дәурен Әділбековті екінші деңгейлі банктердің түсініксіз әрекеті алаңдатады. Оның айтуынша, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған 6 пайыздық мемлекеттік субсидия кәсіпкерлерді несиелендіруді толық қамти алмайды.

Дәурен Әділбеков – ҚР парламент сенатының депутаты «6 пайыздық мемлекеттік субсидия кәсіпкерлерді несиелендіруді толық қамти алмайды.Оны шағын және орта бизнестің тек пандемиядан қиын жағдайға түскендері ғана ала алады. Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, ШОБ бір пайызы ғана Төтенше жағдай кезінде несиесін төлеу мерзімін ұзартуға мүмкіндік алған. Бұл дегеніміз жекеменшік банктер бизнесті несиелендіруге қатысып отырған жоқ. Банктер субсиядияланған пайызбен жеңілдетілген несие бере отырып, кәсіпкерлікті несиелендіруге ынталанбай отыр»

Сенатордың мәліметінше, әр дағдарыс сайын мемлекет екінші деңгейлі банктерді қолдап, қазынадан 17,5 триллон теңге жұмсаған. Сөйте тұра, банктер отандық бизнесті несиелендіруде немқұрайлық танытып отыр. Үкіметке банктердің әрекетін бақылауға алуды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.