Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШЕРЗАТ СОТЫ

c 09:29, 12/04 c 1

Талғарда орын алған қанды оқиға көптің есінде. Өткен жылдың күзінде орын алған бұл қылмыстық іс бойынша сот отырысы енді басталды. 2024 жылдың 4 қазанда Талғарда жаппай төбелес болып, пышақ жарақатынан 16 жастағы Шерзат Болат қаза тапқан болатын. Қоғамды дүрліктірген жасөспірімнің өлімінен соң арада бір апта өткенде оның отбасының үйі өртеніп кеткені есімізде. Марқұм Шерзат дүкенде көмектесіп жүрген кезде, сатып алушымен жанжал басталып кеткен. Сатып алушы таныстарына қоңырау шалып, олар келіп, Шерзатты, оның әкесін және ағасын соққыға жыққан. Олар пышақ және мылтық қолданған. Сот процесінің қатысушыларының пікірін ескере отырып, сот бұл істі ашық режимде қарау туралы шешім қабылдады. Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube арнасынан көрсетіледі. Айыпталушылар орнында тоғыз адам отыр. Олар алқа билер сотынан бас тартқанын айта кеткіміз келеді. Прокуратура Шерзат сотының ашық өткенін қолдап отыр.

ҒАЛЫМЖАН ҚОЙГЕЛДИЕВ – ҚР БАС ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Менде бар деректерге сәйкес, сот ашық режимде өткізілуге тиіс. Бірақ өздеріңіз білетіндей, отырысты ашық немесе жабық форматта өткізу туралы шешімді тек сот қабылдайды. Біздің ұстанымымыз – егер қылмыста шектелуге тиіс ақпараттар болмаса, істі ашық қарау. Менің білуімше, сот ашық өтеді. Күтейік»

Шерзатты бірнеше метрге сүйреп апарып, аяқпен және мылтықтың дүмімен ұрған. Төбелес кезінде шабуылдаушылардың бірі жасөспірімнің кеудесіне өлімге әкелетін жарақат салған. Туыстарының айтуынша, жедел жәрдем уақтында келмеген. Зардап шеккендерді ауруханаға өздері апаруға мәжбүр болған. Жасөспірім есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Бірнеше күннен кейін марқұмның әкесі басқа Талғар тұрғындарымен бірге ұлының өлімін әділ тергеуді талап етіп, митингке шыққан еді. Қанды оқиғадан бірнеше күн өткен соң, марқұмның отбасы тұрған үйде өрт шықты. Өрт орнында айғақтар табылды . Бірақ оны жасағандар әлі анықталған жоқ.

ҒАЛЫМЖАН ҚОЙГЕЛДИЕВ – ҚР БАС ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Сараптамалар көп жасалды деп айта аламын. Бұл сараптамалар бойынша белгілі қорытындылар жасалды. Ол неліктен қазіргі сәтте тоқтап тұрғанын келсек, себебі біз Ресей Федерациясына халықаралық тергеу тапсырмасын жібердік. Спутник арқылы сол кезде қандай көліктердің болғанын қарағымыз келеді. Толықтығын зерттеу үшін... Сол себепті біраз уақыт қажет»

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.