0:00 / 0:00
Бүгінен бастап қаладағы барлық бағыттағы қоғамдық көліктер қызметіне кірісе бастады. 10 күнге жуық шектеуден кейін желіге 40-қа жуық көлік шықты. Ал ертеңнен бастап 180 автобус қызметін жалғастырады. Автобус парктеріне мемлекет тарапынан 100 млн. теңге субсидия бөлінген. Яғни тасымалдаушы компаниялар көп ұзамай мемлекеттік жәрдемақыға қол жеткізетін болады.Дегенмен, уақыты шектеулі - автобустар желіге таңғы сағат 6.00-де шығып, 20.00-де жұмысын аяқтайды.Сондай-ақ қала тұрғындарына тәуліктің кез келген уақытында көшеге шығып, серуендеуге рұқсат берілді. Қала әкімі азаматтарға өздерінің тұрғылықты мекенжайларынан қашық кетпеуді ұсынып отыр. Полиция қызметкерлері тоқтатқан жағдайда азаматтың жеке куәлігі өзімен бірге болуы тиіс. Қорғаныш құралдарын да тағып жүруді ұмытпаған жөн. Бір отбасы болып табылмайтын үштен артық адам топтасып тұруына болмайды. Кейбір қоғамдық орындар, сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, қоғамдық монша немесе шаштараз салондары карантиндік режим жұмсаруына орай эпидемиологиялық ахуалға байланысты кезең-кезеңмен жұмысына кірісетін болады.