Батыс Қазақстан облысында тағы да киік мүйізін шетелге асырғысы келген ер азамат құрықталды. Оқиға таңғы алтыда "Ақсай" өткізу бекетінде тіркелді. Қазақстан Республикасының азаматы көлігінің ішінде жаңа кесілген 128 дана киік мүйізін Ресей Федерациясына алып өтпек болған. Оның салмағы 28 келі 914 граммды құрайды. 2029 әскери бөлімінің таратқан ақпаратына сүйенсек, келген шығын 242 млн теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары басталған.