Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шебердің қолы алтын!

c 15:58, 29/04/2019 c 3607

0:00 / 0:00

Шын шеберге шектеу жоқ. Кеше облыстағы ісмерлер Қадыр Мырзаәлі орталығында бас қосып, алтын қолдарынан шыққан бұйымдарын көпшіліктің назарына ұсынды. Ине мен жіп әйелге тән құралдар екенін ескерсек, көрмеге қойылған сансыз туындылар көздің жауын алады.Шебердің қолы алтын! Бұл жерде сіз өзіңізді ғажайып мұражайдың ортасында жүргендей сезінесіз. Көз майын таусып, сүйір саусақтардан шыққан ұлттық бұйымдар көздің жауын алады. Қос қолынан өнер тамған шеберлердің басын қосқан алғашқы форумға өңірдің әр ауданынынан 50 ден аса қыз-келіншек келген. Бұл жолғы шараның өзіндік мақсаты бар. Ұлттық өнерге қайта жан бітіріп, өз қалуаныша оны дамытып отырған нәзік жандылар тек өз ауылында немесе аудан көлемімен шектелуде. Ұйымдастырушылар осындай жұмыстарды өзге ортада, кең ауқымда танытудың жолдарын осы форумда көрсетті. Иә, келесіп пішілген тон келте болмас, ине мен қайшысы қолынан түспей әр жанұяның ұйтқысына айналған әйел қауымы көп жағдайда бұл кәсіпті екінші орынға сырып қояды. Сонау қазақ халқының әдет ғұрпынан сыр шертетін асыл дүнелерді қайта жаңғырту бүгінгі күннің басты талабы һәм рухани жаңғыру. Мәселен, қолынан ине мен жібі түспейтін Бәйтеректен келген Мейіргүл қалдықсыз технология арқылы балалар ойын дамытуға болады дейді. Тіпті тәсілін көрсетіп те берді. Туындылар көпшіліктің көңілінен шықты, таңдайын қақпаған халық болмады. Ал осы сүйікті істің болашақта іргелі кәсіп боларын сезген өнер иелері аталмыш форумның тағы да болуын тілеп тарқады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.