0:00 / 0:00
Теректі ауданы, Покотилов ауылында жаңа сүт қабылдау пункті өз есігін айқара ашты! Мұнда ауыл тұрғындары табиғи шикізат саналатын сүтті 110 теңгеден өткізіп, осылайша табыс табуға мүмкіндік алған. Биыл өңірде осындай 4 мекеме ашылып, ауыл шаруашылық кооперативтерін құру жұмыстары жаппай қолға алынған. Облысымызға министрлік өкілдері де арнайы келіп, оқыту семинарларын жүргізуде.