Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШАРУАЛАРҒА СУБСИДИЯ БЕРІЛМЕЙДІ

c 14:46, 07/04 c 1

Агрария ел экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналады дегелі біраз жылдар өтті. Бірақ экономикаға үлес қоспақ түгілі, шаруалар өз басын әрең алып жүр. Ауыл шаруашылық саласында кәсібін өрбітіп отырғандар әлі де болса мемлекет қолдауына мұқтаж. Мемлекеттен бұл салаға қыруар қаржы бөлінгенімен, қайтарымы яғни өнім түрі әлі де аз. Ал мамандардың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласын жаңа экономиканың драйверіне айналдыруға болады. Ол үшін бізде кең байтақ жер, су ресурстары, арзан жұмыс күші, ауыл тұрғындарының көптігі және Қытай мен Ресей сияқты алып нарықтарға шығу мүмкіндігі бар. Алайда бұл саланың дамуына кедергі келтіретін бірқатар күрделі мәселелер де баршылық. Енді ел үкіметі шаруаларды қолдауға өзгеріс енгізбекші. 2025 жылдан бастап қазақстандық агробизнес өкілдері субсидиядан айырылады. Себебі елде қаражат тапшылығы бар және фермерлер алдындағы қарыздар да жиналып қалған. Енді шаруаларға берілетін субсидияның орнынан 5 пайыздық жеңілдетілген несие ұсынылып отыр.

АЙДАРБЕК САПАРОВ – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРІ «Өткен жылдан бері жеңілдетілген лизинг әлдеқайда қолжетімді болды. Бір жыл ішінде қаржыландыру көлемі 80 млрд теңгеге ұлғайтылып, 5%-бен 200 млрд теңгеге дейін артты. Бұл ретте техниканың өзі – кепілге қойылып, ал жарна инвестициялық субсидия бола алады».

Ауыл шаруашылығындағы артықшылықтарға қарамастан, Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі индексі бойынша 113 елдің ішінде 50-орында тұр. Кең байтақ жеріміз болса да, біздің ел өз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отыр. Көптеген өнімдер сырттан тасымалданады. Яғни, бізде импортқа тәуелділік сақталып отыр. Негізінде көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарын өзімізде өсіруге болады. Сала мамандарының айтуынша, фермерлерге қолдау, яғни субсидиялар қажет. Бірақ бұл сала жемқорлыққа батып кеткен. Бір жылдың ішінде субсидияға бюджеттен 1 миллиард доллар жұмсалған. Бірақ бұл қаржыны көп ажғдай шағын қарулара емес, ірі агрофирмалар алды. Сол себепті енді субсидиялардың орнына жеңілдетілген несие берілмек.

 АЙДАРБЕК САПАРОВ – ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРІ «Қазір қысқа мерзімді қаражат тарту қарастырлуда. Бастапқы кезеңде қарамалды жемдеу алаңдарына, құс өсіруге 50 млрд теңге 5 пайызбен беріледі. Осы орайда субсидия беру мәселесі қайта ақарстырлып, оның орнына жеңілдтеліген несиеге өтеміз».

Қазақстанның ауыл шаруашылығы үлкен әлеуетке ие және мемлекет тарапынан қомақты қолдау бар. Дегенмен бұл саланың ел экономикасындағы үлесі өте төмен — ЖІӨ-нің небәрі 2,5%-ын құрайды. Ал көршілес елдерде бұл көрсеткіш бірнеше есе жоғары — мысалы, Өзбекстанда 25%. Отандық ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылған көрмені аралаған премьер-министр агроөнеркәсіп кешенін экономиканың технологиялық және инновациялық секторына айналдыру жөніндегі стратегиялық мақсатқа назар аударды. Ол үшін әрбір ауыл шаруашылығы өндірушісі заманауи агротехнологияларды енгізуге, еңбек өнімділігін арттыруға, тиімділігі жоғары және экспортқа бағдарланған өнімдер түрін кеңейтуге ұмтылуы тиіс деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.