0:00 / 0:00
Биыл диқандар мол астық жинап, рекордтық көрсеткіш орнатты. 26,7 млн тонна астық жинап алып, енді оны сата алмай әлек болып жатыр. Өткен аптада мәжіліс депутат Серік Егізбаев бастаған топ үкіметке жол жолдағанды. Жаз бойы астығын баптап, өсірген шаруалардың 350 млрд теңге қарызы бар. Фермерлер астық бағасы олардың шығындарын да өтемейтінін айтып, шағымдануда. Қазір астықтың бір тоннасы шамамен 50 мың теңге құрайды. Мол өнім жинау, сақтау және тасымалдау айтарлықтай шығындарды талап етеді. Ал шаруаларға даму үшін ақша керек. Банктерді ұсынатын несиесіндегі пайыздық көрсеткіш айқайлап тұр. Көптеген фермерлер жылына 22% -бен несие алады, уәде етілген субсидиялар жиі кешіктірілуде. Оған қоса ауыл шаруашылығы техникасы да тозған. Диқандардың маңдай термен жинаған астығы қар астында қалып жатыр дейді депутаттар.
Вице-премьер Серік Жұманғарин бастаған, ауыл шаруашылық министір Сапаров қостаған шенеуніктер осы мәселеге қатысты сұрақтарға жауап беруге тырысты. Халыққалаулылары көктемде және күзде егістік жұмыстарына бөлінген несиелер бойынша төлемді келесі жылдың көктеміне дейін ұзарту бойынша шешім қабылдау қажет деп отыр. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, несиені өтеу мерзімін ұзарту мәселесі бойынша әрбір фермердің мәселесі жеке қаралады. Себебі несиені үшінші жыл қатарынан ұзартып келе жатырмыз, ал қаржы бюджеттен берілгендіктен, оны қайтару керек. Қазір 119 фермерден 5,1 млрд теңгеден астам несиеге қатысты өтініштер келіп түскен. Сондай-ақ, мол астықты сатуда қиындықтар туғызып отырған тағы бір мәселе...
Сондай-ақ, министр Азық-түлік корпорациясы арқылы шаруалардан астықты тікелей сатып алу жоспары барын айтады. Қаржы министрлігі 10 млрд теңге бөліп, оған астық сатып алынбақшы. Депутаттар болса, елде астықты қайта өңдеуді қолға алмай бұл мәселе жылда қайталануы мүмкін. Диқандарды қолдап, қосымша субсидия бөлуге қазынада қаржы жоқ дейді.
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстанда хит болып жатқан корей жүзімдерін тексеруге тапсырма беретінін айтты. Себебі, әлеуметтік желіде келісі 8 мың теңгені құрайтын шайн мускат адам денсаулығына зиян деген ақпараттар да тарауда.