Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шаңырақтағы шаттық

c 10:29, 01/06/2020 c 463

Жастайынан жетім қалып, тағдырдың түрлі сынына тап болған жандарға арналған "Шаңырақ" жасөспірімдер үйінде 112 адам бар. Соның ішінде 35 отбасы және 15 жалғызбасты ана тұрады. Олар 100-ге жуық ұл-қызды тәрбиелеп отыр. Балалардың тең жартысынан астамы қалалық мектептерде оқиды. Осында тұрып жатқан аз-қамтылған жалғызбасты аналарға көмек ретінде азық-түлік таратылды. Оған қаламыздағы құқық қорғау органдарында қызмет атқарып, зейнет жасына жеткен азаматтар мұрындық болып отыр.
«Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді». Аласапыран -өмірде адамдық болмыстың жұтаң тартқаны жиі байқалып қалады. Кейде рақымсыздық жандар көп сияқты болып кетеді. Дегенмен артынша шапағаты мол шарапатты істі көріп, кәдімгідей жайраңдап қаласың... Жүрегі жомарт жандар, қамқорлыққа зәру жалғызбасты аналар паналаған мекемеге жаңа леп әкелді.
Түсірілім тобымыз "Шаңырақтар" үйінен осындай ілкімді істер жалғасын таба берсе деген тілекпен оралды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.