0:00 / 0:00
Көлік саласына қатысты сұрақ көп болды. Автожолдан бастап, темір жол, логистика, әуе қатынасына қатысты депутатарда сұрақ жиналып қалған екен. 3 сағатқа созылған үкімет сағатында депутаттар көлік министрін сұрақтың астына алды. Монополистке айналған «Air Astana» әуе компаниясына қатысты эмоцияға толы сұрақтар қарша жауды. Депутат Құспан ұшақтар үнемі кешігеді, ал әуе билеттері қымбаттап жатыр дейді.
Көлік министрі болса әлемдік тәжірибені алға тартып ақталды.
Қарабаевтың айтуынша, елдегі ұшақ билетінің бағасының 60-70%-ы әлемдегі бағамен бірдей. Сондай-ақ, қалалардың алыстығы да билет бағасына әсер етеді дейді. Мәжілісмен Жаңбыршин осы жиынға қатысып отырған « Air Astana» басшысы Питер Фостерге шүйлікті. Ол әуе компаниясының билет бағасына қатысты саясатын сынады. Air Astana біздің аспанның “Құдайы” болып алған. Билеттің бәрі жақындаған кезде көтеріледі, арақашықтыққа байланысты деген бос әңгіме деді ол.
Сондай-ақ, «Air Astana» компаниясында мемлекеттік тілдегі контент өте аз. Ол жерде мемлекеттік тілге басымдық берілмейді дейді депутат. Бұл оарйда депутаттар, көлік министрі Марат Қарабаевқа тек қана Air Astana ғана емес, барлық жолаушылар көлігі қайтаратын өтемақы процесін жеңілдетуді ұсынды. Одан әрі министр мен депутаттың арасындағы дауға куә болдық. Абзал Құспан жаздан бері Қарбаевтан «жасырын транзит» бойынша жауап ала алмай жүрген көрінеді.
Не керек, ұшақпен жиі ұшатын болған соң ба депутаттар әуеқатынасына келгенде эмоцияларын жасыра алмады. Соған қарағанда қымбат билет қалталарын қаққан сияқты. Олардың айтуынша, билеттің бағасы 60 мың теңгеден 120 мың теңгеге дейін шарықтап кетеді. Көлік министрлігі баға саясатын дұрыстап қолға алуы тиіс деп отыр.