0:00 / 0:00
Бүгін "AQ JOL" демократиялық партиясының ұйымдастырумен қысқы спорттық ойындардан шаңғы додасы ұйымдастырылды. Шаңғы арқылы шеберліктерін шыңдаған 20-дан аса қатысушы кім мықтыны анықтау үшін өзара бәсекеге түсті.Қысқы спорттық шара "AQ JOL" демократиялық партиясының ұйымдастыруымен өткізілді. Аяқтарына шаңғы байлаған 20-дан аса қатысушы бақтарын сынады. Ауа-райының қолайлығына байланысты ашық аспан астында өткен шараға қатысуға ниет танытқандар қатары көп болғанымен эпидемиологиялық жағдайға байланысты жас ерекшеліктеріне қарамастан 20 адамның қатысуына ғана рұқсат берілді.Белгіленген тәртіп бойынша, жылдамдықты талап еткен сында қатысушылар 2 шақырым қашықтықта жарысты. Әсіресе қариялар өздеріне көңіл бөлінгеніне дән риза. Олар үшін бастысы -жарыста орын алу емес, көңіл көтеріп, табиғатқа етене жақындай түсу. Ал жастар болса: "Мұндай шаралар көптеп ұйымдастырылса",- дейді.Ұйымдастырушылар қатысушылардың дайындығын жоғары бағалады. Шаңғышылардан ерлер арасында жүлделі орынды Радмир Ахмедшин иеленсе, әйелдер арасында Мария Бровкова жеңісті қолдан бермеді.