0:00 / 0:00
Адам өмірін қиған Шамалғандағы апат бойынша қылмыстық іс қозғалды. Еске сала кетейік, күні кеше Алматы облысы Шамалған станциясында «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы мен «Алматы - Шамалған» бағытындағы автобус соқтығысып, салдарынан автобус жүргізушісі көз жұмды.Апат түсірілген бейнетүсірілім әлеуметтік желіде тез тарады. Бейнежазбадан шлагбаум алдында көліктер ұзын-сонар кезекте тұрғанын көруге болады. Осы сәтте жолаушылар пойызы келіп автобусты қағады.
Жантүршігерлік бейнетүсірілім әлеуметтік желіде тез тарады. Шлагбаум алдындағы ұзын-сонар көлік кептелесін түсіріп тұрғандар қайғылы апаттың куәгері болды. Алматы облысының Шамалған станциясында «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы мен «Алматы - Шамалған» бағытындағы автобус соқтығысып, салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды. Түсірілімде байқалғандай шлагбаумға қарамастан автобустың қоршаудың ар жағына қалай өтіп кеткені белгісіз болып отыр. Кей куәгерлердің айтуынша, шлагбауым кейін жабылған. Қазір оқиға орны тексерілуде.Мәлім, болғандай апат орын алған сәтте, автобус жүргізушісі көлік есігін ашып үлгерген. Автобустағы 20 адамның 16-ы сыртқа шығып үлгерсе, төртеуі ішінде қалып қойған. Жүргізуші көз жұмды. 33 жастағы әйел, үш және бес жастағы балаларымен аруханаға түсті. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Балалар комада жатыр. Олардың анасының миы шайқалған, сондай-ақ оң жақ иық сүйегінің төменгі бөлігі сынған. Бұғанасы мен жауырынын жарақаттаған.
Осы апаттан соң жергілікті тұрғындар өңір басшылығынан осы жерде көпір салуды талап еткен. Жалпы бұл тұрғындардың бұрыннан айтып жүрген өтініші болатын. Құзырлы министрлік болса, аталмыш теміржол өткелі талапқа сай толық жабдықталғанын хабарлайды.
Роман Скляр – ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі: «Әрине, бұл участокте көпір салу қажет. Алайда, дәл осы жерде көпір салу үшін 70 жекеменшік үйді және 2 жанар-жағармай станциясын сырып тастау қажет. Бұл қыруар қаржы талап етеді. Сондықтан осы өткел қосымша жабдықталған. Күзет дабылы ғана емес, автокөліктердің өутіне кедергі жасайтын жабдықтармен де қамтылған».
Министр Роман Склярдың айтуынша, келесі жылы Шамалғанда көпір салу құрылыс басталады. Алайда, ол көпір апат орын алған жерде емес, үйлерді сырып тастауды қажет ететін жерде салынады. Қазақстан темір жолы өз кезегінде автобус жүргізушісі сигналды елеместен пойыз жүретін жолға шығып кеткен деп мәлімдеп отыр. Енді орын алған апатқа кім кінәлі, кім жауапты деген сұраққа тергеу ісі ақяталған соң ғана жауап ала аламыз. Оқиға орнында қаза болған автобус жүргізушісі 40 жаста екені мәлім болды. Артында әйелі мен төрт баласы қалды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жүргізушінің отбасына көңіл айтты.