0:00 / 0:00
Аймақтың інжу-маржаны саналатын айдын аянышты жағдайға түскен. Көлді табиғи қалпында сақтап қалу үшін қандай шара атқарылады? Бұрын балығы тулап, аққуы шулап жататын көлге не болды, оны осындай жағдайға жеткізген кім?
БҚО-дағы Шалқар көлінің суы тартылып барады. Мамандар 2 млрд текше метр судан қазір 1 жарым млд. текше мерт су қалды деп хабарлап, дабыл қағуда. Ені осы күнге дейін 15 шақырым болса, қазір кей жерлдерде 2 шақырымға дейін тартылып қалған. Өңіріміздің «інжу-маржаны» саналатын айдында ескекті қайықпен жүзу мүмкін еместей болып барады. Шалқар көлі шаһарамыздың оңтүстік-шығысы беткейінде 100 шақырымдай қашықтықта орналасқан.
Көлде көксерке, табан сияқты балық тұқымдары мүлде жойылып кеткен. Сазан мен шортан балықтары құрып кетудің аз-ақ алдында тұр. Осыған байланысты облыста арнайы комиссия құрылып, көлдің жағдайын көзбен көріп қайтты. Көл жасыл түске боялып, тұзы бетіне шығып, суды балдырлар басуы экологиялық мәселеге дер кезінде назар аударуды талап етеді. Балық санын қалпына келтіріп, айдынды құтақару үшін қыруар уақыт пен қаражат бөлу қажет болады.