0:00 / 0:00
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті Жолдауының басым бөлігі -телекоммуникация саласына жүктелгені белгілі. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында "Цифрлы Қазақстан" жобасы аясында айрықша сұранысқа ие жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен ауданның шалғай елді мекенін қамтамасыз ету жолында көптеген жұмыстар атқарылуда. Сапалы ғаламтор мәселесін сөз еткенде, талшықты оптикалық байланыс желілерінің маңызы зор. "Қазақтелеком" АҚ-ының Талшықты оптикалық байланыс желісі - мәліметтерді жарық көмегімен беруге арналған күрделі кабельдер жүйесі. Оның жеткізу жылдамдығы мен сапасы өте жоғары. Сондықтан, басқа электр байланыс желілеріне қарағанда ақпарат беру жылдамдығы жүз шақырымнан асатын қашықтыққа 100 мегабит/секунд жоғарылығымен, яғни алыс қашықтыққа ақпаратты ретрансляторсыз жеткізу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Осыған орай, сапалы ғаламтор - икемді, әрі арзан.
"Батыс өңірлік телекоммуникация дерекциясы үш жыл көлемінде БҚО -нда 2388 шақырмды қамтитын талшықты оптикалық байланыс желісін жүргізуді жоспарлап отыр. Негізгі жұмыстардың көп бөлігі биылғы жылы қарастырылған. Айталық, биылғы жылы 1751 шақырым оптикалық желісі жүргізіліп, 60 ауылдық елді мекендердегі 238 мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар нысандары интернет жүйесімен қамтылмақ.Осы бастама аясына БҚО бойынша 4 коллона өз жұмысын бастап кетті. Талшықты оптикалық байланыс желісі тұрғындардың электронды мемлекеттік қызметке, қашықтықтан оқытуға және телемедицина саласына қол жетімділігін арттырады. Сондай-ақ, бұл жүйе шағын бизнесті дамытудың да көкжиеген кеңейтетіні анық",- деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Батыс өңірлік телекоммуникация дерекциясының коммерциялық директоры Самиғолла Қарасаев.
Аудан орталығынан айтарлықтай шалғай жатқан ауылдық елді мекендерде бұрын қажетті анықтамаларды алу үшін адам бір құжатты ұзақ күтіп қана қоймай, уақытша шығындар да жұмсалатын. Енді ғаламтордың пайда болуы электрондық құжат айналымы қызметтері, соның ішінде электрондық үкімет сервистерін іске қосып, ал оқушыларға онлайн-білім, дәрігерлер телемедицинаға, ал жергілікті жеке кәсіпкерлерге электрондық коммерция саласына қол жетізетін болады. Әкімдік пен басқа да мемлекеттік органдардың жұмысы бірнеше есе жеделдетіріліп, жақсармақ.
«Қазақтелеком» АҚ-ы Батыс өңірлік телекоммуникация дерекциясының бастамасымен аймағымыздың Бөкейорда, Казталов, Қаратөбе аудандарының 11 ауылына, Сырым ауданының 10 ауылына, Жәнібек ауданының 7 ауылына , Жаңа қала мен теректі аудандарының 2 ауылына , сонымен бірге Тасқала ауданының 1 ауылына траншеялар дайындау мен полиэтилен құбырларды салу жұмыстары басталып кетті.
Жоғарыда сөз еткен жылдың қазан айында ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі мен «Қазақтелеком» АҚ арасында «Қазақстан Республикасының Ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету» Жобасы бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарты жасақталған болатын.