Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шаһарымыздағы Теннис орталығында өткен Жастар Форумынан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Салтанат Сарайына бет бұрды

c 00:00, 02/04/2015 c 575

0:00 / 0:00

Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті - кеңесші орган ретінде құрылған болатын. Содан бері тарихы 20 жылға созылған ассамблеяның арқасында Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде зор мүмкіндік туғызды. Сондай-ақ бас қосу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халықтар ассамблеясының шығу тарихы мен оның осынау жылдарда атқарған жұмыстарын бейнелейтін көрмені тамашалады. Елбасының этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастырудың арқасында елімізде өзге ұлт өкілдері арасында бейбітшілік өмір қалыптасты, осыған орай батыс халқы да президентке өз ризашылықтарын білдіріп жатты. Елімізде Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалғаны рас. Сондықтанда Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етуі қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.