0:00 / 0:00
«Сенің дауысың - сенің тағдырың!» атты флэшмобқа 130-дан астам адам қатысқан болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша шараның негізгі мақсаты қала тұрғындарын сайлау науқанына тарту, олардың саясатқа қызығушылығын ояту. Расымен де ел болашағына алаңдайтын, республикамыздың дамуына өз үлестерін қосуға ниетті жастардың алаңға жиналғанына көзіміз жетті. Белсенді студенттер қатысқан флэш-моб бір сағатқа созылып, қала тұрғындарының назарын өздеріне аудартты.