Зашаған кентінде бүгін таң ала көлеңкеде велосипедшіні көлік қағып кеткен. Зардап шегушінің жарақаты өте ауыр болғандықтан, өмірін сақтап қалу мүмкін болмапты. Бұл жөнінде денсаулық сақтау басқармасы хабарлап, тұрғындарға жол қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауды ескертіп отыр. Марқұм 35 жастағы ер адам. Қазір оқиғаның жәй-жапсары, кінәлі тұлғалар анықталып жатыр.