Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шаһарда 30 мыңнан аса жасұландық бар

c 17:10, 18/05/2022 c 1099

0:00 / 0:00

Бүгін қалалық қосымша білім беру орталығында «Жас ұлан» балалар ұйымдарының қалалық слеті өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын слетке қатысушылар саны мен олардың белсенділігі артып келеді.Шараға қала мектептерінен 7-17 жас аралығындағы жүзден аса оқушы қатысты. Балалардың интеллектуалдық, шығармашылық және әлеуметтік дамуын арттыру мақсатында өткізілетін слет барысында қатысушылар үгіт бригадасы, имиджді бейнеролик, экспромтты тапсырма, тілші және шеберлік сағатынан өз қарым-қабілеттерін көрсетті. Аталған шара қалалық ішкі саясат және білім бөлімінің қолдауымен өткізілуде.
Жасұландық көшбасшылар секция жұмыстарында балаларды қорғау жылында іске асыратын жаңа жобаларын қорғады. Сонымен қатар, олар алдағы жазғы каникулда экологиялық шаралар мен волонтерлік жұмыстар бойынша атқаратын істерінің жоспарымен бөлісті. Слет резолюциясы қабылданып, шара мерекелік бағдарламамен жалғасты. Слет қорытындысында үздіктер анықталып, олар облыстық шараға жолдама алды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.