0:00 / 0:00
Мерекелік жиында "Орал - екі әлем бөлігі, Еуропа мен Азияның нақ түйіскен жерінде орналасқан кең байтақ жеріміздің батысындағы көне тарихы бай қалалардың бірі", - деп сөзін бастаған шаһар басшысы Абат Шыныбеков, бүгінде Орал 300 мыңдай тұрғынның құтты қонысы екендігін атап өтті.
Орал мен Атырау - Еділ мен Жайықтың тамырлас қалалары. Мәдениеті мен өркениеті, экономикасы мен әлеуеті қатар дамып келе жатырған екі қаланы жылдар бойғы қарым-қатынас пен әріптестік байланыстырып келеді. Осы орайда, шаһарымызға арнайы келген Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы, шаһар басшысына көршілес қала атынан сый-сияпатын арнады.
Шара аясында Ақтау қаласы мен көршілес РФ-нан келген өкілдер де өз құттықтауларын арнады. Қонақтар құрметіне мерекелік концерт ұсынылды.