Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Серігін өлтіріп сотталды

c 17:18, 11/09/2019 c 378

0:00 / 0:00

Бәйтеректік 4 баланың анасы азаматтық некедегі жолдасын 24 жерден жерден пышақтап өлтірді. Ол енді осы әрекеті үшін 10 жыл басбостандығынан айрылды. БҚО қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотына жолданған іс алты айға жуық қаралып, үкім шығарылды. Қайғылы оқиға биылғы жылдың 10 сәуірі күні Бәйтерек ауданы Железнов ауылында кешқұрым орын алған. Істің мән-жайына тоқталар болсақ, Башарова мен оның азаматтық некедегі жұбайы Евгений Скипин 9 сәуір күні ішімдік ішеді. Олардың бұл әрекеті ертесіне тағы жалғасып, 10 күні ерлі зайыптылар арасында жанжал туындайды. Дау-дамайдың аяғында Башарова Скипинге 24 мәрте пышақ сұғып, марқұмның денесін үй ішіндегі жертөлеге жасырған. Евгенийден еш хабар ала алмаған туыстары учаскелік инспекторларға шағымданады. Өз кінәсін мойнына алғысы келмеген айыпты азаматша бастапқыда жалған сөйлеп, жағдайды бұрмалауға тырысады. Дегенмен полицейлердің күдігіне іліккен әйел өз ісін мойнындайды.
Кісі қанын мойнына жүктеген айыптының 4 баласы бар. 3 баласы алдыңғы некедегі азаматтың, ал кенжесі Скипиннің баласы. Алдыңғы екі бала әкелерінде тәрбиеленуде. Ал 3-ші және 8 айлық сәби бүгінде Бәйтерек аудандық балаларды бейімдеу орталығында уақытша паналуда. Олардың тағдырларын қазір құзырлы мекеме мамандары қарауда. Сондай-ақ көк көзді келіншек жазасын өтеу барасында маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады. Сот үкімі әлі заңды күшіне еңген жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.