Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сенбі сайын жәрмеңке!

c 16:59, 10/06/2019 c 895

0:00 / 0:00

Орал қаласында «Ел-ырысы» көтерме-бөлшек сауда базарында, Зачаган кентіндегі «Жәңгірхан» сауда үйі алдында және Ықсанов көшесі бойында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы шараға облыстың барлық тауар өндіруішілері қатысып, жүзге жуық тағам өнімдерін нарықтағы бағадан 30-40 пайызға арзан бағамен саудаға шығарды.  Ертеңгілік сағат 8.00 бен түскі 13.00-ге дейін жоспарланған орталық көшедегі азық-түлік жәрмеңкесіне жұртшылық көп жиналып, қалаған өнімдерін оңтайлы бағаға сатып алды. Қалалық ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының берген мәліметі бойынша, аталмыш шара әр сенбі сайын ұйымдастырылып, қазан айына дейін жалғасады. Бірнеше орындардағы жәрмеңкеде 15 бас ірі қара, 4 бас жылқы еті, 1 тонна балық, 0,7 тонна картоп, 0,3 тонна пияз, 0,3 тонна қияр, 0,2 қызанақ, 0,1 тонна қырыққабат, 18000 дана жұмыртқа, сондай-ақ жеміс-жидек өнімдері, бал, шұжық, консерві өнімдері, сүт өнімдері, қайта өндеу кәсіпорындарының өнімдері жəне тауық балапандары сатылды.Әсіресе тұрғындар маусымдық тауарлар яғни көкөніске сұранысы жоғары болды. Айта кету керек, жәрмеңкеге жиналғандардың басым бөлігі әлеуметтік тауарларды көптеп алды. Жергілікті билік бұл бастама бәріне қолайлы деп санайды. Кәсіпкерлер өнімдерін тұрақты өткізу нарығын табады, тұрғындар тауарларды қолжетімді бағаға сатып алып, қалта қаражатын біраз үнемдейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.