Ет, сүт, балық өнімдері мен көкөніс, жеміс-жидектер төмен бағамен сатылатын жәрмеңке Ықсанов көшесінің Құрманғазы мен Достық даңғылы аралығында болады. Қатысушы кәсіпкерлерге орын-жайлар тегін ұсынылады. Соған сәйкес өнім бағасы базарлар мен сауда орындарынан әлдеқайда арзанырақ болады деп уәде етіліп отыр.
-"Жәрмеңке 7, 14, 21, 28-сәуір күндері Ықсанов көшесінің бойында таңғы сағат 9:00-ден түскі 13:00ге дейінгі аралықта өтеді. Келіңіздер, жергілікті өнімді қол жетімді бағаға сатып алыңыздар",-дейді Орал қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Сәуле Есқалиева.